astana-view

Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге жақсы қолдау көрсетуде

2014 жылғы 12 Қараша
2192 просмотров

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге моратории жарияланғанымен кәсіпкерлер палатасына келіп, өз базынасын айтып қолдау іздеген кәсіпкерлер саны артқан. Көп жағдайда бизнес өкілдерін монополист компаниялар мен жерге, сәулет және құрылыс салаларына қатысты туындаған мәселелер толғандыратын көрінеді. 



Жеңіс Қазиев- СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық сауалдар жөніндегі орынбасары.

-Біз қазір сараптамалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ол кәсіпкерлердің әсіресе, жер қатынастарына қатысты туындайтын проблемаларын шешуге септеспек. Өйткені бұл ретте көптеген әкімшілік кедергілерді байқауға болады.Оның ішінде рұқсат құжаттары, тиісті шешімдердің шығарылмауы сынды көптеген мәселелер бар. Бұдан өзге бизнесмендер үшін бүгіндері табиғи монополия субъектілерінен техникалық шарттар алу жайы қиындап кеткен. 

Осындай мәселелерді шешу мақсатында бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасы прокуратура өкілдерімен қоян қолтық жұмыс жасауда. 3 жұмыс тобы құрылып, олар бизнес субъектілерінде туындайтын проблемаларды қарастыруда. Кәсіпкерлерден түскен өтініштердің 32-сі қарастырылып, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетіне қатысты 10 ескерту жазылған. Бұдан бөлек прокурорлар өңіріміздің шаруа қожалықтарынан заңсыз түрде жеке табыс салығын алып келген салақ органдағыларының қылмысын әшкерелеген.

Жанар Ақмағамбетова- СҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры.

-Салық органдарының заңсыз әрекетін өңіріміздің бір фермерлік қожалығы анықтаған. Олар бірыңғай жер салығын төлеген, алайда фискалды органнан тағы жеке табыс салығын төлеу қажет деген хабарлама келеді. Өз құқығын білетін бизнесмен олардың үстінен сотқа арыз түсірген.Тексеріс нәтижесінде салық органдарының заңсыз әрекеті анықталды.

Жалпы жыл басынан бері өңір кәсіпкерлерінен палатаға 1640 өтініш келіп түскен. Солардың 813-і құқытық сауалдарға, 207-сі бизнесті қолдауға қатысты болған.

Дерекнамасы: МТРК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер