astana-view

Елбасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады

2014 жылғы 18 Қараша
2112 просмотров

Әрбір кәсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа енуі қажет, ал Ұлттық палата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы тиіс.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдау барысында осылай деп мәлімдеді. Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев және басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Елбасыға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бергі атқарған қызметінің нәтижелерін баяндап, отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүддесін қорғау бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы әңгімеледі. Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері бизнес ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де тілге тиек етілді.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер