astana-view

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды

2014 жылғы 18 Қараша
3221 просмотров

Шығыс Қазақстан облысындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинетін ашты.

Бұл жерде аймақтағы ірі кәсіпорындардың өкілдері  оқушылармен кездесулер өткізіп, өздеріндегі мамандықтар туралы әңгімелейді.

Мектеп бітірушілер компьютерден облыстағы ірі кәсіпорындар, ондағы мамандықтар  мен еліміздегі барлық орта және жоғары оқу орындары туралы ақпаратты оқи алады.

Осы кабинеттерде арнайы пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдер зауыттар мен кәсіпорындарға барып, нақты өндіріспен танысып отырады.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер