Бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды
Таразда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Жиында жергілікті бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды. Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлерден түсетін шағымдар мен өтініштердің басым бөлігі жер дауына қатысты. Бүгінгі күнге дейін аталмыш мекеме көмегімен 156 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Оның ішінде 3 кәсіп иесі жер телімін алуға қол жеткізсе, 4-еуі жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертіп, кәсібін кеңейткен. Айта кету керек, 2015 жылдан бастап рұқсат қағаздарды алу электронды жүйеге көшірілмек.
Нұрлан Құдайбергенов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тексеру комиссиясының төрағасы
-Кәсіпкерлікті дамытуды түбегейлі жолын өзгерту жөніндегі заңнама қазір жасақталып, тиісті органдармен оған кәсіпкерлік палатасының сарапшылары тікелей қатысып жатыр. Ол заңның жобасы қазір мәжілісте талқыланып жатыр. Сондықтан қабылдаған кезде көптеген өзгерістер енгізіледі.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: