astana-view

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жаңа сауда үйлерінің ашылуына ықпал етті

2014 жылғы 02 Желтоқсан
3149 просмотров

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасымен қолдауымен Қызылорда қаласында 2 сауда үйі: «Стамбұл - тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлері ашылды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

«EVIM» сауда маркасының Қызылорда облысындағы ресми өкілі ЖК «А. Әлішеров» «Стамбұл - тоқыма үйі» сауда үйінің де меншік иесі болып табылады.

Бүгінде «Стамбұл - тоқыма үйі» сауда үйі қызылордалықтарға 20 мыңнан астам тауарлардың түрлерін ұсынуда. Олардың қатарында ас үй мен ваннаға арналған жабдықтар, үй мен бақшаға арналған жиһаздар, тоқыма өнімдері, кәдесыйлардың сан алуан түрлері, сондай-ақ балаларға арналған тауарлар бар.

Сауда үйінің директоры Алмат Әлішеровтің айтуынша «Стамбұл - тоқыма үйі» 15 адамды жұмыспен қамтып отыр, алда қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.

Сауда үйлерінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін «Аль-Асад» ЖШС-нің директоры Төреғали Шаңкерей: «Өте қысқа мерзімде аталмыш филиалдың ашылуына көмек көрсеткені үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына алғысымды жеткізгім келеді. Бұл қадам өз кезегінде бизнесті жүргізу үшін аса маңызды», - деп ризашылығын жеткізді.

Мұнан өзге, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолайлы болуы үшін Палата «Стамбұл - тоқыма үйі» мен «Аль-Асад» сауда үйлерінің сайтының ашылуына көмек көрсетпек.

Нәтижесінде тұтынушылар үйлерінен шықпай-ақ жаңа тауарлар мен маусымдық жеңілдіктер туралы дер кезінде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер