astana-view

Елордада ҰКП мен қала әкімдігі кәсіпкерлікті қолдау бойынша келісімге қол қойды

2014 жылғы 03 Желтоқсан
2319 просмотров

Бүгін Елордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласы әкімдігі арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірлескен келісімге қол қойылды. Енді оның аясында Астана әкімдігі мен Ұлттық палата отандық бизнесті дамыту мен өзекті мәселелерді шешу жұмыстарын бірлесе атқарады. 

Бүгінде Астанада халық саны 845 мыңнан асса, соның 450 мыңдайы - экономикалық белсенді азаматтар. Оның жартысына жуығы шағын орта бизнес саласында еңбек етеді. Шаһар әкімі Әділбек Жақсыбеков өз сөзінде: «Астана әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы келісім көптеген проблемаларды шешуде, әріптестік қарым-қатынастарды нығайту мен ортақ жобаларды іске асыруда пәрменді құралға айналады», - деп атап өтті.  

Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы: 

Бүгінгі келісім Астанада шағын және орта бизнеске арналған көпсалалы өндіріс кешенін, өңірлік сауда орталығын құруға, жер учаскелерін бөлуге және бизнесті дамыту картасын әзірлеуге негіз бола алады. Сол арқылы елордалық кәсіпкерлер үшін заман талабына сай сауда форматын жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір бизнес иелері негізінен Алматы мен Астанада. Сондықтан осы қалаларда кәсіптің дамуы - жалпы елдегі бизнес климатқа әсер етеді. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер