astana-view

Қостанайлық кәсіпкерлер айыппұл санкцияларын төмендетуді сұрап отыр

2014 жылғы 13 Желтоқсан
2205 просмотров

Қостанайлық бизнесмендер құқық бұзушылықтар кезінде айыппұл санкцияларын төмендетуді сұрап отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстың Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы Василий Розинов мәлім етті.

«Айыппұл санкциялары құқық бұзушылықтың ауырлығы мен келтірілген шығынға сәйкес келмей жатады. Мысалға, құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру кезінде екінші мәрте жобадан ауытқып кеткені үшін лицензиядан айыру «жазасы» қарастырылған, әйтседе де бұл заң бұзушылық мемлекет пен қоғамның мүдделері мен құқықтарына айтарлықтай зиян келтірмейді», - деп атап өтті Василий Розинов.

Бұған қоса, ол палата тәжірибесінен ағы бір-екі мысалды алға тартты. 

«Кәсіпкер 150 млн теңге көлемінде салық төледі, кейін өз бетінше ішкі тексеріс жүргізіп, КТС сомасының 51 млн теңгеге асып түскенін анықтайды. Ал оған осы үшін сол соманың 40%-дай мөлшерде айыппұл салынды, бұл шамамен 20 млн теңгеден асады. Біздің айыппұлды 40%-дан 5%-ға дейін төмендету туралы ұсынысымызды Ұлттық палата қолдап отыр»,- деп түйіндеді В.Розинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер