astana-view

Астраханьда 40-тан астам қазақстандық компания жұмыс жасайды

2014 жылғы 18 Желтоқсан
2225 просмотров

Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы көршілес РФ Астрахань облысындағы әріптестерімен өзара сауда байланысын нығайтуға арналған меморандумға қол қойды.

Астраханьда қол жеткізілген бұл келісім шекаралас өңірлердің қарым қатынасы мен сауда байланысын жаңа белеске көтереді деген сенім бар. 

Бүгінде Астраханьда 40-тан астам қазақстандық компания жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ астраханьдықтар әр жексенбі сайын Атырауда өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне міндетті түрде қатысып отырады. 

Астраханның шұжығы мен кондитерлік өнімдері Атырау нарғынан тұрақты тұтынушысын тапқан. Ал атыраулық кәсіпкерлер көрші елге құрылыс материалдары мен ауызсу, газ жүйесіне арналған металл-пластикалық құбырларын экспорттайды. Осындай екі жақты сауда экономикалық байланыс енді жаңа белеске көтерілетін болады. Асылбек Жакиев, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры 

- Меморандумға қол қоюдағы мақсат – қарым-қатынасты нығайту. Атырау кәсіпкерлері шығарған тауарларды Астрахань нарығына жеткізу. Көптеген Астраханьның кәсіпкерлері келіп отыр біздерге де. Оларды қызықтырып отырғаны Астраханьның тауарларын, өнімдерін Атырауға жеткізу. Атырау облысында «ДКБ-2020-мен» көптеген жобалар іске асырылған болатын. Ол біріншіден, құрылыс саласындағы, екіншіден мұнай саласында, үшінші, ол агроөнеркәсіптің тауарлары.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер