Қызылорда облысында 1,7 млрд.теңгенің 75 бизнес-жоспары әзірленді
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 11 айда кеңес беруге жүгінген 4199 кәсіпкерге 7448 кеңес берді. Есепті мерзім ішінде жалпы құны 1,7 млрд.теңгенің 75 бизнес-жоспары әзірленді.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнесті сервистік қолдау» бағыты аясында жылдық жоспар 2,6 есеге артығымен орындалып, 785 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Аталмыш қызметтердің жартысынан астамы (490) ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне көрсетілген.
Қызметтердің ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, заң қызметтері, сондай-ақ бизнес-жоспарлар жасау қызметі аса жоғары сұранысқа ие.
Қазір Палата облыста жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, соның ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен және картадан тыс жобалардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізуде.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: