astana-view

Кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлермен галстуксыз кездесу өткізді - Қызылорда

2014 жылғы 23 Желтоқсан
2606 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында сырбойылық кәсіпкерлермен «галстуксіз кездесу» өткізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Кәсіпкерлер Қауымдастығы (КАЗКА) мен «Сыр бойы» Кәсіпкерлерді Қолдау Қауымдастығы (СБКК) мүшелері Палата жұмысымен танысты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов қазіргі таңда Палатада тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесі мен құрамында облыстық прокуратура және Палата қызметкерлері бар мобильді топтың кәсіпкерлердің құқығын қорғауда маңызды құралдардың біріне айналғандығын, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Нәтижесінде есепті мерзімде аталмыш салада 47 заң бұзушылық анықталып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Палатамен 61 ұсыныс берілген.

Сонымен бірге, облыста жоғары сұранысқа ие рұқсат ету рәсімдерінің 4 түрі бойынша қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет алу үшін Палатамен «бір терезе» қағидатын енгізу шаралары жүргізілуде.

Палатамен «бір терезе» қызметінің жұмыс регламенті әзірленді. Регламентте жоғарыда аталған қызмет түрлерінің берілу мерзімін қысқарту қарастырылған. Мұнан өзге, қазір Палата 20 қызмет түрі бойынша кәсіпкерлерге тұрақты әрі тегін қызмет көрсетуде.

Кездесу барысында қос тарап кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, аймақтың бизнес ахуалын (климатын) жақсарту шараларын, халықаралық және аймақтың экономикалық ахуалын талқылап, алдағы уақытта іскерлік байланысты нығайтуға келісті. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер