astana-view

Қазақстанда 2015 жылы жастарға арналған бизнес мектебі ашылады

2014 жылғы 24 Желтоқсан
2396 просмотров

Қазақстанда 2015 жылдан бастап жұмыссыз жүрген жастарға, жоғарғы курс студенттеріне және жас кәсіпкерлерге арналған «Бизнес мектебі» жобасы іске асырылады. Бұл туралы ҚР Ұлтық кәсіпкерлер палатасы Жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің отырысында мәлім болды. 

«Бизнес мектебі - барынша демократиялық жоба, оған кез келген адам келе алады. Тек бір ғана шектеу - 29 жасқа дейінгі жастарды ғана қабылдайды. Біздің негізгі нысаналы аудиториямыз - жұмыссыз жастар, жоғарғы курс студенттері және жас кәсіпкерлер», - деп атап өтті бизнес-жаттықтырушы Асқар Өтепқалиев.

Оның айтуынша, оқыту бағдарламасы үш кезеңен тұрады. «Бірінші кезең  толықтай тегін болады. Білім алушы осы кезеңде бизнеспен айналыса ма, әлде өз мамандығы бойынша карьера жасай ма деген мәселенің басын ашып алуы қажет. Осы кезеңде жастармен бизнес жаттықтырушылар жұмыс істейді. Бұл біздің жастарымыз үшін өте пайдалы болатынына сенімдімін», - деді ол.

А. Өтепқалиевтің айтуынша, бизнес мектебі 2015 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Болашақта оның филиалдары барлық өңірлерде ашылатын болады.  «Филиалдардағы білім беру бағдарламалары бірдей болмайды. Ол бағдарламалар сол жердің бизнесі мен нарығына байланысты жасалады», - деп түсіндірді бизнес жаттықтырушы. 

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер