astana-view

ҚР ҰКП жастарға арнап кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құруды ұсынды

2014 жылғы 24 Желтоқсан
2606 просмотров

Қазақстанда жастарға арнап кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру қажет. Бұл туралы ҚР Ұлтық кәсіпкерлер палатасы Жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің отырысында палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

«Бүгінде жастар ақпаратқа зәру. Сондықтан кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралар туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту қажет. Осы жерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының (КҚКО) тәжірибесі өте маңызды деп ойлаймын. Шындығында, бүгінде еліміздің кез келген тұрғыны, кез келген зейнеткердің өзі ХҚКО-ны жақсы біледі», - деді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰКП «Даму» қорымен бірлесіп, КҚКО-ларлы басқаруды қолға алады.

«Біз сол жерде қызмет көрсетуге көмектесеміз, қызметкерлеріміз сонда отыратын болады. Дегенмен, дастарға арнап жеке КҚКО-тар құрған дұрыс болатын сияқты. Сондықтан біз «Даму» қорымен бірге бұл мәселені әлі талқылайтын боламыз», - деді ол.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер