astana-view

Міндетті мүшелік жарна көлемі төмендейтін болады – ҚР ҰКП

2015 жылғы 14 Қаңтар
2263 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарналардың көлемін 30%-ға төмендететін болады. Бұл туралы ҰКП басқармасының брифингі барысында басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.

«Мүшелік жарна бойынша көптеген адамдар бұл шығынға батыратынын айтып, кейінге қалдыра тұруды сұрады. Сондықтан біз Үкіметпен жұмыс барысын келістік, 1 қаңтардан бастап аталған норма күшіне енетін болады. Бұдан былай съезд шешім қабылдайды, Үкімет шектен тыс мүшелік жарналардың қойылмауы үшін оны бақылап отырады. Сондай-ақ, жарна төлеуден босатылатын компанияларға арналған баптар да анықталуда», - дейді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша ең жоғары шекті жарналар (8 миллион) 30%-ға төмендеуі мүмкін, ал 300 мың теңгені құрайтын төменгі шекті көлем екі есеге жуық азаймақ.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғап қандай тарап та болсын жұмыс істеп жатырмыз. Әрі кез-келген кәсіпкер мүшелікке өтуге міндетті. Басында аздаған түсініспеушіліктердің орын алғаны рас. Алайда кәсіпкерлер палатасы аясында барлығымыз бірігіп жұмыс істеу керектігін біртіндеп түсініп келеді» дегенді айтады басқарма төрағасы А. Мырзахметов.

Дерекнамасы: Baq.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер