astana-view

ҚР ҰКП міндетті мүшелік жарналарды 30%-ға азайтады

2015 жылғы 14 Қаңтар
2018 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарналардың көлемін 30%-ға төмендетеді. Бұл туралы ҰКП басқармасының брифингі барысында басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мүшелік жарна бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, барлық мәселелерді талқыладық. Нәтижесінде алымдарды саралау оңайға түспейтінін түсіндік. Ескертулер болды, көптеген адамдар бұл шығынға батыратынын айтып, кейінге қалдыра тұруды сұрады. Ол да мәселені шешпейтін еді. Сондықтан біз Үкіметпен жұмыс істедік, 1 қаңтардан бастап норма күшіне енді. Бұдан былай съезд шешім қабылдайды, Үкімет ақылға сыймайтын мүшелік жарналар қойылмауы үшін оны бақылап отырады. Тұтастай алғанда, өзгеріс болуы мүмкін. Қалыптасқан жағдайда, мүшелік жарналардың көлемі төмендеуі тиіс», - деп атап өтті. 

Мырзахметовтың айтуынша, қазіргі таңда тиісті критерийлер әзірленіп жатыр, оған сәйкес жарна төлеуден босатылатын компаниялар анықталады. 

«Шамамен алғанда ең жоғары шекті жарналар (8 миллион) 30%-ға төмендеуі мүмкін, ал 300 мың теңгені құрайтын төменгі шекті көлем екі есеге жуық азаяды», - деді А.Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер