ҰКП мүшелiк жарнасын кәсiпкерлердiң өздерi анықтайтын болады - А. Мырзахметов
Ұлттық кәсiпкерлер палатасының мүшелiк жарнасын кәсiпкерлердiң өздерi анықтайтын болады. Бұл туралы бүгiн брифингте палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi.
Палатаның мүшелерiне салынатын жарнаның көлемi туралы сауал 27 қаңтарда өткелi отырған ұйымның кезектен тыс құрылтайы барысында талқыланбақ.
"Жарна мәселесi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы құрылғалы берi өзектiлiгiн жоғалтқан жоқ. Ол әрдайым көтерiле бердi, оған қатысты сыни сөздер болды. Бiз оның бәрiн бiлемiз. Бiз кәсiпкерлер палатасының мүшелiк жарнасына қатысты жүйелi шешiм таптық. Үкiметтiң және Парламент Мәжiлiсiнiң қолдауымен бiздiң заңға жаңа өзгерiстер ендi. Ендi 1 қаңтардан бастап, мүшелiк жарнаның көлемi мен белгiленуi, кәсiпкерлердiң кейбiр санаттарын одан босату мәселелерiн Ұлттық кәсiпкерлер палатасының жоғары органы - Құрылтай шешедi. Бұл демократиялық жол, адамдар жарнаны мемлекеттiк органдар немесе үкiмет белгiлейдi деп кiнә артпайтын болады. Құрылтай делегаттары шешiмдi өздерi қабылдайды", - дейдi ол.
Тiлшiлердiң сауалдарына жауап қайыру кезiнде ол аталған жарнаның көлемi төмендетiлуi ықтимал екендiгiн хабарлады.
"Үкiмет тек ең жоғары деңгей қояды. Бұл да дұрыс, Құрылтай мүшелiк жарналардың санаға қонбайтын көлемiн белгiлемес үшiн қажет. Бiз өзiмiздiң есебiмiздi беремiз. Жалпы қабылданған жаңашылдықтарға байланысты жарналардың көлемi төмендетiлуi ықтимал деген жорамал бар", - деп атап өттi А. Мырзахметов.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: