astana-view

ҰКП ЕАЭО жағдайында ішкі нарықты қорғау бойынша ұсыныстар берді

2015 жылғы 14 Қаңтар
2189 просмотров

2015 жылғы 14 қаңтарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі экономикалық жағдайларда ішкі нарықты қорғауға, оның ішінде ресейлік валютаға қатысты теңгенің нығаюы туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары түсіндірілді, деп хабарлады Ұлттық палатаның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз ұсынысын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімдермен рұқсат етілетін, уақытша сауда шектеулерін енгізу жөніндегі ұсынысы мәлімделген ақпараттық хабарлама таратқан болатын.  Айтар болсақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер бір-біріне қатысты сырттан келетін және сыртқа шығарылатын тауарларға кедендік баждар (басқа да баждар, эквиваленттік әрекеттерді иеленетін салықтар мен алымдар), тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолданбайды. Сонымен қоса, ЕАЭО туралы шарттың 29 бабында ішкі нарық тауарларының қызмет ету тәртібінен шығарылуы қарастырылады.

«Осылайша, Қазақстан Республикасымен отандық кәсіпорындар үшін экономикалық зиян байқатып отырған тауарлар топтарына қатысты сауда шектеулері енгізілуі мүмкін. Бұл сырттан тауар әкелуді (квоталар) шектеу, импортқа тыйым салу, импортты лицензиялау болуы мүмкін», -  деп палатадан түсіндірді.

ҚР ҰКП-ның есептеуінше аталған шаралар өңдеу индустриясында, машина жасау, тамақ өнеркәсібінде және т.б. қолданылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осы және басқа да салалардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегені жайлы ақпараттар келіп түсуде. 

Бұдан басқа, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған шараларға қосымша, өңдеу секторының кәсіпорындарын, ең алдымен ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды арнайы субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық экономиканың импортқа тәуелділігін төмендету үшін қолданыстағы өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында, ең алдымен азық-түлік қоржыны тізіміне кіретін  тауарлар бойынша,  импортты алмастыру бойынша кешендік жоспарды әзірлеу және енгізу өте маңызды деп санайды.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер