astana-view

Қазақстанда бизнеске деген талап 30%-ға қысқартылды - Ұлттық палата

2015 жылғы 16 Қаңтар
2252 просмотров

Қазақстанда бизнеске деген талап 30%-ға қысқартылды, деп хабарлады ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнара Құрбанбаева ОКҚ-да өткен брифингіде.

«Жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек болды. Осы ретте біз кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгіздік, олар кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қысқартуға бағытталған», - деді  Г. Құрбанбаева.

Сонымен, кәсіпкерлік қызметіне қойылатын 50 мың талаптың 1800 немесе 30%-дан астамы қысқартылды.

ҰКП атап өткендей, палата заңнамаға бизнестің дамуына кері әсерін тигізетін нормалар бойынша тексеріс жүргізді.

ҰКП басқарма төрағасының айтуынша, 35 рұқсат беретін құжат алынып тасталды. Заңнамаға тексеріс нәтижесі бойынша 100 түзету енгізілді.

Сонымен қатар, бүгінде заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша 70 түзету қаралу барысында.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер