astana-view

ҚР-да «Ауылда қаржыландырудың жол картасы» әзірленуде - ҚР ҰКП

2015 жылғы 16 Қаңтар
2475 просмотров

Қазақстанда «Ауылда қаржыландырудың жол картасы» әзірленуде, деп мәлімдеді бүгін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын түсіндіруге арналған ОКҚ брифингі барысында Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

«Ауылда қаржыландыру бойынша Жол картасы қабылдануда. Бағдарлама қабылданып, нақты өзгертулер енгізіледі деп үміттенеміз», - деді Г.Құрбанбаева. 

Оның айтуынша, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы бизнеске қойылатын талаптар санын 30%-ға қысқартуды көздейді.  

«Бүгінгі таңда рұқсат процедураларын 30%-ға қысқарту жүргізілуде. Жоғары нарықтық бәсекелестік жағдайында қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек болды. Осы ретте біз кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгіздік, олар кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды қысқартуға бағытталған», - деді ол.

Сондай-ақ, ол түсіндіріп өткендей, нысандарды пайдалануға тапсырған кезде мемлекеттік органдар қатыспайды.

«Нысанды пайдалануға беру үшін уақыт пен ақша қажет, келісу керек болады, бұл үдеріс қысқарады, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырыс берушімен, мердігермен техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен пайдалануға бере бастаймыз, бұл құрылыс жүргізіп жатқандардың, тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттырады, олар осы үдеріске түгел жауапты болады», - деп баса айтты ведомство басшысының орынбасары.

Бұдан өзге, кәсіпкерлік қызметті алмастыру процедурасы жеңілдетілген. осыған байланысты Жер кодексіне өзгертулер енгізілді. 

«Қызмет атқару тұрғысынан төрт аймақ анықталған - коммерциялық, әлеуметтік, тұрғын үй және басқа аймақ. Егер сіз коммерциялық аймақта болсаңыз, онда кәсіпкерлік қызмет атқарылады, Мейрамхана бизнесін жүргізген болсаңыз, жергілікті билік рұқсатынсыз-ақ өз кәсіпорныңызды дәріханаға немесе басқа да бизнеске бейіндей аласыз. Ең бастысы ол «коммерциялық аймақ» позициясына сәйкес келуі тиіс», - деп толықтырды ол. 

Дерекнамасы: primeminister.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер