astana-view

Кәсіпкерлікке рұқсат құжаттары 30%-ға қысқарды

2015 жылғы 16 Қаңтар
2227 просмотров

Кәсіпкерлер үшін тиімсіз болған бизнестің орнына жаңа іс бастауға жол ашылды.

Енді мейрамхананың орнына дәріхана немесе дүкенді жауып, сұлулық салоны ретінде жабдықтаудың еш қиындығы жоқ. Кез келген кәсіпкер бұрынғыдай айлап әкімдікке сабылып, рұқсат алып жүрмейді. Тек жауапты органдарға ескертсе болғаны. Тиісті заңға енген өзгертулерді ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жеткізді. Мамандардың айтуынша, бизнеске бөгет болған рұқсат беру құжаттары 30%-ға қысқарған. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті бей-берекетсіз тексеруге жол берілмейді. Қоршаған ортаға қауіпті деген нысандар ғана мемлекеттің ұдайы бақылауында болады және де үстінен арыз-шағым түскен тұлғалар ғана жоспарсыз тексеріледі. Ал кәсібін заң аясында жүргізіп отырғандарды ешкім мазаламайды.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:

- 2014 жылы біздің ұлттық кәсіпкерлер палатасына 20 мыңнан астам арыз-шағым түскен болатын. Естеріңізде болса, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған, таптаған шенеуніктердің есімдерін жариялап, оның 20-дан астамы қызметтерінен кеткен еді.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер