«Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының мүшелік жарнасы 50%-ға төмендеді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер» палатасы бизнес иелерінен жинайтын міндетті мүшелік жарна мөлшерін 50 пайызға төмендетті. Оған сәйкес орта деңгейлі кәсіпкерлер 158 560 теңгеден, ірі бизнесмендер 1 млн 910 теңгеден бастап жарна төлейді. Бұл бағаны бірауыздан ұлттық палатаның ІІ съезіне жиналған делегаттар бекітті.
Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының төрағасы:
- Қолданыстағы заңға сәйкес бекiтiлген градациялар икемсiз болып қалды. I съезден кейiн бiз үкiметпен осы жөнінде кеңесіп, нақты мөлшерді кешегі жиында бірігіп бекіттік. Ал Ірі кәсіпкерлерді екі санатқа және ішінара әрқайсысын 4 пен 6 санатқа бөлдік. Шағын бизнес иелері мен мүгедектер мүшелік жарнадан босатылады.
Мұнымен қоса съезде KAZNEX INVEST ұлттық агенттiгi акцияларының бір бөлігі осы ұлттық палатаға берілуі мүмкін деген болжам жасалды. «Атамекеннің» басқарма мүшесi Рустам Жүрсiновтің айтуынша, KAZNEX INVEST қазақстандық экспортқа қолдау көрсетіп, сырттан инвестиция тартуға ықпал етуі мүмкін. Айтқандай, ұлттық палата әуелдегі «Атамекен» деген атын қайтарып алды.
Дерекнамасы: 7 канал
Пікір қалдыру:
Пікірлер: