ҰКП атауы «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы деп өзгертілді
Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) өз атауына «Атамекен» сөзін қосты, деп хабарлады ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев.
«Әрине, бизнес-қауымдастықты шоғырландыру жөніндегі, ұлттық палатаның 2014 жылы көрсеткен кәсіпкерлер құқығын қорғауды ұсыну жөніндегі орасан нәтижелер, ол біздің «Атамекен» ҰЭП-да болған жетістіктерге, сәттіліктерге негізденуіміздің де нәтижесі. Сондықтан ұлттық палатаның атауына толықтыру енгізу ұсынысы бар – Атамекен Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы», — деді Т. Құлыбаев сейсенбіде ҰКП съезінде.
Съез делегаттары аталған ұсынысты қолдады.
«Мен біздің әңгіменің басында «Атамекеннің» мемлекет басшысының бастамасы мен тапсырмасы бойынша құрылғанын және оның ұлттық кәсіпкерлер палатасы өсіп шыққан іргетас болғанын айттым. Біз өткен жылдың соңында ҰКП қызметінің нәтижелері бойынша мемлекет басшысына баян еткен едік», — деп атап өтті ол.
Бұрынырақ Қазақстан кәсіпкерлерін ерікті негізде «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы (ҰКП) біріктірген.
Дерекнамасы: Айғақ
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Серік Ерғали
«Нұр Отан» партиясының тапсырмасы бойынша «Жас Отан» жастар қанаты мен «Elsana Amanat» қоғамдық қоры бірігіп, қоғамдық және мемлекеттік тараптар арасында диалог орнату мақсатымен, «СҰХБАТ-АЛАҢ» жобасын қолға алып отыр. Шара бүгін, 23.09.2016 сағат 16:00-де Тәуелсіздік 3- үйде өтеді. 33-бөлме
Мақсат – мемлекеттік органдармен біріге отырып, қоғамдық белсенді топтарды қатыстыру арқылы кейбір күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік жасау.
Осыған орай жобаның алғашқы отырысы «ҚАЗАҚША ЖАРНАМАНЫ КҮШЕЙТУ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбына арналмақ. Жоба жөнінде осы сала бойынша маман Земфира Ержан ханым баяндама жасап, таныстырады. Осы жобаны талдауға салаға қатысты мемлекеттік органдардан сарапшы тарту көзделіп отыр. Сол себепті, Сіздің министрліктен/комитеттен сәйкес құзырлы лауазымды тұлғаны сарапшы ретінде қатыстыру шараға барынша маңыз беретінін ескере отырып, Сіздің орган тарапынан шараға арнайы қатысушыны жіберуіңіз сұралады.
Осы хатқа шара туралы қысқаша мәлімет қоса тіркелді.
«СҰХБАТ - АЛАҢ» ЖОБАСЫ
ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚША ЖАРНАМАНЫ КҮШЕЙТУ ТЕТІКТЕРІ
ӨТУ КҮНІ: 23 ҚЫРКҮЙЕК 2016 Ж
МАҚСАТ
Қазақша жарнамаларды орыстілді жарнамалар деңгейіне көтеріп, оның саны мен сапасын арттыру және соған қатысты мемлекеттік, құқықтық және қоғамдық тетіктерді қолға алып нығайту.
ФОРМАТ
Бас баяндама жасалады. Сұрақ-жауап. Қосалқы Баяндама. Сұрақ жауап.
Тақырыпқа қатысты құзырлы тұлғалар мен сарапшыларға сөз беру.
Сұхбат алаңының шешімі.
БАС БАЯНДАМАШЫ: ЗЕМФИРА ЕРЖАН,
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, Алматы қаласының тұрғыны
«Қобыланды жырын жаттау арқылы қазақ тілін үйрену» жобасының авторы, жетекшісі;
«Жарнама-алқа» жұмыс тобының жетекшісі, 1 жыл бойы қазақша жарнаманы дамыту жобасын басқарды.
МОДЕРАТОР: Серік Ерғали, 87011971961, erserik@gmail.com