Теңгенің жаңа бағамы экспортқа тың серпін береді
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Брифинг барысында Басқарма төрағасы теңгенің айырбас бағамына енгізілген түзетулерге қатысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымын мәлімдеді.
- Айырбас бағамының жаңа деңгейі экспортқа бағытталған салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қайта өңдеу өнеркәсібінің кейбір салаларында, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің өндірісіне импортты алмастыруда отандық өндірушілерге сөзсіз жаңа қарқын береді, - деді Абылай Исабекұлы.
Дерекнамасы: BAQ.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: