astana-view

Бүгінде импорттың үштен бірі Ресейден келуде

2014 жылғы 15 Ақпан
2795 просмотров

Бүгінде импорттың үштен бірі Ресейден келуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

«Статистикалық деректерге сәйкес өткен жылы импорт көлемі 6 пайызға өсім көрсетті. Ал экспортымыз шамамен 5 пайызға төмендеді», - деді ол.

Жалпы А. Мырзахметовтің айтуынша, халық тұтынатын тауарлар ішіндегі көлік, тұрмыстық техникалар сынды қымбат мүліктердің өткен жылғы импорты 8 млрд. доллардан асып жығылған.

«Бірден айта кетейін, олар әлеуметтік тауарлар емес. Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың барлығы да өзімізде шығарылады. Бүгінде импорттың үштен бірі Ресейден келуде. Әрине, ол Кеден одағындағы бәсекелестіктің өсуін көрсетіп отыр», - деді басқарма төрағасы.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер