Атырау кәсіпкерлері ҰОС ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына орай қаржы конверттерін табыстады
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына орай қаржылай конверттер тарту етті.
Шараны Атырау қаласының әкімдігі «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Достық үйінде өткен игі шара аясында этномәдени бірлестіктердің мүшелері соғыс ардагерлерінің құрметіне мерекелік салтанатты кеш өткізді.
ҰКП мәліметі бойынша, бүгінде Атырау қаласында 50-ден астам соғыс ардагерлері өмір сүреді. Олардың басым бөлігі төсекке танылған. Өзбетінше қимылдай алатындар олардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты. Қалғандарын жергілікті билік өкілдері мен кәсіпкерлер үйлеріне барып құттықтайды.
«Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірі – ұлттық рухтың және патриоттық сезімнің, отан сүйгіштіктің жарқын үлгісі. Біз әрқашан сіздердің толарсақтан қаш кешкен заманда көрсеткен ерліктеріңізді мәңгі жадымызда сақтаймыз», - деп ағынан жарылды Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік мәселелер бойынша директорының орынбасары Әсет Ерғалиев.
Салтанатты шара аяқталғаннан кейін, қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылды. Мерекеге шақырылған барлық 22 ардагерге қаржылай корверттер тарту етілді.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: