astana-view

Облыстық әкімдік, кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ ұйымдары меморандум жасасты

2015 жылғы 02 Ақпан
3237 просмотров

Қызметкерлердің маңдай терімен тапқан қаржысын уақытылы төлеп тұру және еңбеккерлердің құқықтарын шектемеу, осы сынды міндеттерді әр жұмыс беруші орындауы қажет. Өткен жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек адамының құқығын қорғаға қатысты 1539 меморандум жасалып, 3600-ден астам ұжымдық келісімшартқа қол қойылыпты. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов еңбек адамының құқығын сақтаудың маңыздылығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарға серпін беру қажеттігін ескертті.

Ерік Сұлтанов-СҚО әкімі.

-Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Жыл басынан бері кәсіпорындар 747 меморандум жасасқан. Бүгін де міне әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін біз 2015-2017 жылдарға арналған кәсіподақ орталығы және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісімшарт жасаспақпыз. Онда түрлі бағыттар бойынша екіжақтың өз позициялары белгіленген. 

Кейін 3 жылға шақталған меморандумға қол қойылды. Оның артықшылығы жайлы облыстық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өкілі айтып берді. 

Назымбек Оразымбетов- СҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы.

-Біздің жұмыс берушілерге негізгі талап ол жалақыны дұрыс беру, жұмыс уақытын қадағалау. Әр мектепте қоғамдық инспектор бар олар барлығын қадағалап отырады. Олар мектептердегі шеберханалар, пеш жағатын орындарды қадағалап олардың талапқа сайлығын қадағалап отыруға тиісті. 

Жиынды қортындылаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов орташа еңбекақыны көтеру қажеттігін айтты. Себебі жалақы көлемі республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда әлде қайда төмен. 

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Жалақы мөлшері 2014 жылмен салыстырғанда жоғары болуы керек. Ауыл шаруашылығы ең жақсы дамыған сала, соның өзінде кейбір ұйымдарда еңбекақы мардымсыз. Енді мына меморандумның негізінде жұмыс жасап, істі оңға бастыру керек.

Дерекнамасы: МТРК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер