astana-view

Қазақстанда толық форматта жұмыс істейтін кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

2015 жылғы 08 Ақпан
2582 просмотров

ШҚО-ның Зырян ауданында республикадағы тұңғыш толық форматта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, ол «бір терезе» ұстанымы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР Ұлттық палатасы.

Ашылу барысында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев атап өткендей, Елбасы  «Қазақстан -2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарсы кем дегенде екі есеге өсу керектігін айтқан болатын.

«Бүгін біз тапсырылған міндеттерді жүзеге асырудамыз.Қазақстанда тұңғыш рет толық форматта жұмыс істейтін кәсіпкелерге қызмет көрсету орталығы ШҚО-ның Зырян ауданында ашылды. Біздің тапсырма кәсіпкер аудандар мен ауылдарда бір орталыққа барып барлық сұрақтарына жауап алуды қамтамасыз ету», - деді Н.Б.Әлтаев.

КҚО шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнесті дамыту бойынша кеңестерді тегін береді.

Одан әрі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы әрбір ауданда  ашылатын болады. 

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер