Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ТЖМ кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастастық туралы меморандумға қол қойды
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов іс-шарада сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғау мен қолдау мәселесіне аса назар аударып отырғанын, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мемлекеттің басты бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
«Төтенше жағдайлар министрлігімен меморандумға қол қою Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төтенше жағдайлар органдарымен тығыз байланыс орнатуға, күрделі мәселелерді және әкімшілік кедергілерді жедел түрде шешуге мүмкіндік береді», - деді Абылай Мырзахметов.
Меморандум сындарлылық, айқындық, өзара ақпарат алмасу мен бірлесіп тиімді қызмет жүргізу принциптері негізінде кәсіпкерлікті дамытуға тосқауыл болып отырған кедергілерді азайту және оларды жою жолында институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісімделген әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалынып отыр.
ҚР Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты бойынша 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлерге жүргізілген тексерулер саны 34 620 тексеруден 16497 тексеруге азайған.
Сондай-ақ 2010 жылдан бастап ТЖМ 199 рұқсат құжаттары 168 құжатқа қысқартылып, 5 құжат түрі хабарландыру сипатына ауыстырылған.
Лицензияланатын қызметтің 21 түрінің 20 бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет шешімін алу қажеттілігі алынып тасталған.
Нәтижесінде қауіпті бағалау өлшемдерін қайта қарастыру нәтижесінде 1851 нысан тәуекелдің жоғары дәрежесінен орта тәуекел түріне, 18862 орта дәрежеден болмашы тәуекел түріне ауыстырылған.
Осылайша, жеке кәсіпкерліктің 158 059 бақылаудағы нысаны 14 300 - жоғары тәуекел дәрежесіне, 40 337 - орта, 103 422 - болмашы тәуекел түріне ауыстырылған.
Тараптар кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтау, бұл мәселелерді шешу бойынша кешендік шаралар ұсыну, кәсіпкерлік саласында заң бұзушылықтарды анықтау және оларды жою бойынша бірлесіп шаралар қолдану, кәсіпкерлік субъектілері құқығын қалпына келтіру арқылы ынтымақтастықты дамытуда бірлесіп жұмыс жасамақ.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: