astana-view

Сырдария ауданында кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы ашылды

2015 жылғы 13 Ақпан
2643 просмотров

Орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша тегін қызмет көрсетіледі.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында кәсіпкерлерге кеңес беру орталығы ашылды. Орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Яғни, бизнесін бастауға талпынған кез-келген тұрғын осында келіп, мамандардан пайдалы кеңес ала алады.  

Орталықта керекті мамандардың бәрі бір жерге шоғырланған. Тек мүмкіндікті пайдаланып, кәсіп ет, пайда тап, өз күніңді өзің көр. Тереңөзек кентінің тұрғыны Ғалия Алдамжарова осылай дейді. Оның жеке тіс емханасы бар. Екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер