astana-view

А.Мырзахметов: Бизнес қауымдастық елiмiздi дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды

2015 жылғы 16 Ақпан
2358 просмотров

«Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу бастамасына қолдау көрсетiп отыр. Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осыған қатысты мәлiмдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнес қауымдастығының жетекшi бiрлестiгi ретiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу туралы бастамасына қатысты өз позициясын жария етудi жөн деп тапты. Барлығымыз әлемдiк экономикадағы тұрақсыздыққа куә болып отырмыз. Әлемдiк экономикадағы жағдай бойынша алдағы жылдарға жасалып отырған болжам көңiл көншiтпейдi. Бiздiң негiзгi экспорттық тауарлар – металл мен мұнай бағасы айтарлықтай төмендедi. Сауда әрiптестерiмiздiң де жағдайы қиындай түстi», - дейдi А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, 2015 жылы Қазақстан үшiн сыртқы экономикалық жағдай өткен жылмен салыстырғанда күрт нашарлауы мүмкiн. Бұл жағдайда Қазақстан шет қала алмайды, қазiрдiң өзiнде жаһандық дағдарыстың қысымы сезiліп отыр.

«Десек те, экономикамыз дағдарысқа төтеп берер жағдайда, Мемлекет басшысының бастамасымен дағдарысқа қарсы «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, инфрақұрылымдық жобалар iске асырылады, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетiледi және жаңа жұмыс орындары ашылады. Осы iс-шаралардың барлығы Қазақстанның дағдарысқа тойтарыс берiп, одан мықты мемлекет болып шығуына мүмкiндiк бередi деп есептеймiз», - деген сенiмiн бiлдiрдi ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма төрағасы. 

«Бұл ретте бiз кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу бастамасын толық қолдаймыз. Бұл барлық мемлекеттiк органдар, бизнес қауымдастықтың экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн бар күш-жiгерiн жұмсауына ықпал етедi деген ойдамыз. Кәсiпкерлiк қауымдастық әрқашан елiмiздi тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетедi», - деп түйiндедi А.Мырзахметов сөз соңын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы 14 ақпанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өткен болатын. Жиын барысында кеңес мүшелері ҚХА-ға келіп түскен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы халықтың бірнеше мәрте көтерген өтінішін бірауыздан қолдайтындарын мәлім етті. Кеңес мүшелері атап өткендей, қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу республикамызға «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын сәтті жүзеге асырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында қамтылған елімізді дамытуға бағытталған ұзақмерзімді әлеуеттерді жалғастыруға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер