astana-view

Кәсіпкерлер мен қаржыгерлер де Президент сайлауын өткізуді қолдап отыр

2015 жылғы 16 Ақпан
2268 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы да Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайтындарын жеткізді. 

Палата төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде жаһандық экономикадағы ахуал тұрақсыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2016 жылдарға арналған болжамдары көңілге демеу бола алмайды. Бірақ соған қарамастан, инфрақұрылымдық жобалар мен жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнеске қолдау білдірілетінін атап өтті. «Ел экономикасының тұрақтылығын сақтауға сеп болатын тетіктер жеткілікті болғанымен, қорғану шараларына алдын ала қамданған жөн», - деді төраға. 

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы  

- Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы іске асуда. Бұл дегеніміз инфроқұрлымдық жобалар іске асып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Бұл тарапта біз Президент сайлауын осы жылы өткізу идеясын орынды деп есептейміз. Аталған сайлау жоспарланған барлық бағдарламаларды уақытылы іске асыруға сеп болады. Елдің кәсіпкерлер ұйымы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына қатысты барлық бастамаларды қолдайды. 

Серік Аханов, ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы 

- Еліміздің қаржыгерлері Президент сайлауын өткізуді бірауыздан қолдайды. Себебі бізге қазір керегі – мемлекетіміздің ақша-несиесі мен экономикалық саясатын сабақтастыру. Бүгінгі саясаттың тұрақты болуы. Сондықтан біздің пайымдауымызша, Президент сайлауы еліміздегі қаржы ұйымдарының, ақшалай несиелі саясаттың тұрақты дамуы мен шағын және орта бизнеске, сондай-ақ инновациялық және инвестициялық жобаларға қажетті қосымша қаражаттың, яғни инвестицияның болуына кепіл.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер