astana-view

ҰКП: сайлау экономиканың серпін алуына себеп болады

2015 жылғы 16 Ақпан
2458 просмотров

Бүгін бизнес қауымдастықтың үздік ұйымы ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын өткізу бойынша үндеуіне қатысты өз ұстанымдарын жеткізді.

Палата төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша, бүгінде жаһан экономикасы бойынша болжамдар көңіл көншітпейді. Еліміздің негізгі серіктес елдеріндегі ахуал да қалыпты емес. «Ел экономикасының тұрақтылығын сақтауға себеп болатын тетіктер жеткілікті болғанымен, қорғану шараларына алдын ала қамданған жөн», - дейді төраға.  

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

- Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы іске асуда. Бұл дегеніміз – инфрақұрылымдық жобалар іске асып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Бұл тарапта біз Президент сайлауын осы жылы өткізу идеясын орынды деп есептейміз. Аталған сайлау жоспарланған барлық бағдарламаны уақтылы іске асыруға себеп болады. Елдің кәсіпкерлер ұйымы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына қатысты барлық бастаманы қолдайды.

Серік Аханов, ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Еліміздің қаржыгерлері Президент сайлауын өткізуді бірауыздан қолдайды. Себебі бізге қазір керегі – мемлекетіміздің ақша-несиесі мен экономикалық саясатын сабақтастыру. Бүгінгі саясаттың тұрақты болуы. Біздің пайымдауымызша, Президент сайлауы – еліміздегі қаржы ұйымдарының, ақшалай-несиелі саясаттың тұрақты дамуы мен шағын және орта бизнеске, сондай-ақ инновациялық және инвестициялық жобаларға қажетті қосымша қаражаттың, яғни инвестицияның болуына кепіл. 

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер