astana-view

Ішкі туризмді дамыту мәселесі талқыланды

2015 жылғы 17 Ақпан
4207 просмотров

Қазақстандықтар шетелдегі демалыстарына жыл сайын 2 млрд долларға жуық қаржы жұмсайды. Яғни ішкі туризм саласы осыншама қаржыдан құр қалып отыр. Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директоры Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, ел тұрғындарын ішкі туризмді таңдайтындай жағдай жасайтын кез келді. Бұл үшін ең алдымен, қызмет сапасын арттыру қажет. Инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындар үшін тиімді әрі үнемді  туристік бағдарлама жасау да маңызды. Әлемдік тәжірибеде туризм саласы қызмет көрсету көлемі бойынша  4-ші, ал кіріс жағынан, тіпті, 3 орында. «Алайда қазақстандық статистика мүлдем басқаша. Және мұндай жетістіктерге жету үшін әлі қыруар жұмыс тындыру керек»,- дейді мамандар.

Гүлнар ҚҰРБАНБАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Туристердің барып-көруіне тұрарлық  2 мыңнан астам жеріміз бар. Алайда оларды тамашалайтын туристер әлі де сирек. Басты себеп - кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 8-ден астам мемлекеттік бағдарламаның біреуінде де  туризм саласының тиісті деңгейде көрініс таппауы. Сондай-ақ  бірінші кезекте, бұл мәселеге туристік бизнес пен халықтың  көзқарасын өзгерту керек. Туристік салада бәсекелестік жоқ, күшімізді біріктіру арқылы ғана инвесторлар мен туристерді тартпақпыз. 

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер