Отандық кәсіпорындарды қолдау мәселесін талқылады
Ресей рублінің құнсыздануына байланысты сұраныс азая бастаған қазақстандық өнімді қолдау күшейеді. Ең алдымен, теміржол қызметі тарифтерін төмендету, мемлекеттік келісімшарттар жасасу және қаржылық ресурстар арқылы өндіріс көлемін арттыру көзделіп отыр. Сейсенбі күні ішкі нарықты қорғау мәселелері жөніндегі жиында ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деді. Оның айтуынша, сауда-саттықтың 3-тен 2-сі Ресей елімен жүргізіледі. Сондықтан көрші ел валютасының өзгеруін өз тауарын Ресейге жөнелтетін кәсіпорындар ерекше сезінді. Сондай-ақ, ол жақтан келетін тауар құнының отандық өнімнің өзіндік бағасынан да арзан болуы жергілікті бизнеске әсерін тигізбей қоймайды.
Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бұл мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қолға алынды. Алдымен, қазақстандық үлесті арттыруға аса көңіл бөлінуде. Ол үшін жергілікті кәсіпорындарды тапсырыспен барынша қамту қажет. Қазіргі таңда 280-ге жуық кәсіпорын таңдалды, бұл тізім толығатын болады. Агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін қолдау мәселесін бұл жоспардан бөлек қарастыратын боламыз.
Бекмырза ЕЛАМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- «Нұрлы жол» жолдауында көрсетілген жаңа экономикалық сяасатта бізге кәсіпкерлікті қолдауға, әрбір салаға нақтылай қаржы бөлу, Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тиімді жұмсау.Ендігі біздің мақсатымыз – Парламентке тапсырылған мәселе – осыларды заңдылық жағынан қамтамасыз ету. Осыған байланысты салық салу мәселелері туарлы өзгерістер енгізілді.
Дерекнамасы: Kazakh TV
Пікір қалдыру:
Пікірлер: