astana-view

Кәсіпкерлерге арналған онлайн жоба іске қосылды

2014 жылғы 20 Ақпан
2988 просмотров

Бүгіннен бастап кәсіпкерлердің мәселелері онлайн режимде шешілмек. Бұл ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске қосқан «Мәселелер тізімі» жобасының арқасында мүмкін болып отыр. «Жаңартылған palata.kz сайтында орналастырылған онлайн жоба жеке іс иелерінің кез келген қиыншылықтарын шұғыл арада шешуге септеспек»,- дейді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева. Жобаның жұмысы өзге онлайн жүйелерге ұқсас. Алдымен кәсіпкер сайтқа кіріп, өзін алаңдатқан мәселе жайлы түсінік беретін шағын хат жазуы тиіс. Кейін ол тек бір перненің көмегімен мамандарға жіберіледі. Ал олар өз кезегінде бизнес иесіне құқықтық  көмек көрсететін болады.  Бір сөзбен, ҰКП жеке іс иелерінің проблемаларын жүйелі түрде ш ешуді тікелшей қолға алды.

Шұға НАУРЫЗБАЕВА,  ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ  ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңес ашылған болатын. 2 айдың ішінде 26 іс бойынша бұл жерде әкімшілік кедергілер көбінесе, соларды жою бойныш Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 26 кәсіпкерге көмектесті. 

Дерекнамасы: Kazakh TV

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер