astana-view

ҰКП кәсіпкерлер шағымын онлайн режимде қабылдайтын жаңа жобаны іске қосты

2014 жылғы 20 Ақпан
2379 просмотров

Бүгіннен бастап кәсіпкерлерді толғандырған мәселе онлайн қабылданады. Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа жобаны іске қосты.

Тіпті шағымданушыға арнайы код беріліп, сол арқылы арыздың қаралуын қадағалау болатыны айтылады. Ал қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1600 адамнан жазбаша шағым түскен. Оның дені құрылыс, мемлекеттік сатып алу мен өңдеу салаларына қатысты. Ұйымдастырушылар жаңа жобаның іске қосылуымен осы көрсеткіш еселене түсетіндігін айтуда. Осылайша Ұлттық палата өкілдері кәсіпкерлерді қолдап, қордаланған мәселені шешуге қатыспақ.

Нұрлан Омаров, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық технологиялар департаментінің директоры:

- Биыл http://palata.kz сайты жаңартылғанын айту керек. Мұнда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған арнайы бөлімше бар. Бұл жерге өтініш беру өте оңай жолмен жүзеге асады. Шағымданушы үшін арнайы нұсқаулық қарастырылған.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер