astana-view

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қаржы полициясымен бірлескен ынтымақтастық жөнінде мемарандумға қол қойды

2014 жылғы 20 Ақпан
3440 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерліктің дамуына үнемі үлкен көңіл бөліп келеді. Елімізде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы – соның дәлелі. Осыған дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Бүгін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өз бизнес алаңында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментімен бірлескен ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды. Шара барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абссаттаров: «Меморандумды іске асыру үшін келесі бірлескен іс-шаралар жоспарлануда. Олардың қатарында ҚР кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту және өркендету үшін конструктивтік, ашықтық және тиімділік қағидаларында институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты хабарламалары бойынша жүйелік мәселелерін шешуге бағытталған бірыңғай тәсілдерді әзірлеу бойынша жұмыс топтарын құру, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара қызығушылық танытатын жедел ақпарат алмасу мәселелері бойынша меморандумға сәйкес тағайындалған жауапты тұлғалар арасында қызметтік кездесулер ұйымдастыру жұмыстары бар»-, деді Дінмұхамед Абсаттаров.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жөніндегі проблемаларды шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу бойынша жұмыс топтарының кәсіпкерлер палатасы, облыстық ассоциациялардың қызметін ұйымдастыру мен құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мен жолын кесуге бағытталған, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ақпарат алмасу, сондай-ақ өзге де проблемаларды талқылауға бағытталған дөңгелек үстелдер мен кездесулерді бизнес-қауымдастық өкілдерін қатыстыра отырып ұйымдастыру жұмыстары да бірлескен іс-жоспарға енеді. Бұл шаралар өңіріміздің «бизнес-климатын» одан әрі жақсартуға, кәсіпкерлердің белсенділігінің өсуіне қолайлы жағдайлар жасауға себеп болуды көздейді.

«Қазіргі уақытта барлық аймақтық қаржы полициясы органдары шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тексеру бойынша қызметін тиым салу режимінде жалғастыруда. Қаржы полициясы кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласудан олардың заңды мүдделеріне қорғау және қолдау қатаң қағидаларын ұстанады. Қаржы полициясы органдары тарапынан кәсіпкерлер алдында қолжетімділің және ашықтық үшін бірқатар шараларды Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асыруды көздейміз»-, деді Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығы Мақсат Қожабаев.

Дерекнамасы: Munara.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер