astana-view

Астанада Отандық кәсіпкерлердің басын қосқан V-Стартап Форумы өтіп жатыр

2015 жылғы 11 Наурыз
2408 просмотров

Бүгін Астана қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған V-Форум, «Стартап Форум - 2015» өз жұмысын бастады.

Бір мезетте 1500-ден астам отандық кәсіпкерлердің басын қосқан ірі жобаны ұйымдастырушылар «КАЗКА» кәсіпкерлер қауымдастығы, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, Елорда әкімшілігі, «Капитал» банкі.

«Бұл форумның күн тәртібі жан-жақты, әртараптандырылған. Түрлі семинарлар мен секциялар өз сұраныстарыңыз бойынша даярланып, назарларыңызға ұсынылды. Біз бірігей идеялар көшбасшысын біріктіріп, көкейде жүрген қарабайыр мәселелерді ортаға салып, соныменқатар бағындырған жетістіктерімізбен бөліспекпіз. Бұл шаңырақ астында баршамыздың басымызды қосқан – экономикасы дамыған әлемнің отыз алпауытының қатарына қосылу» деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов.

Форум барысында әртүрлі салада жетістікке жеткен кәсіпкерлерді марапаттады. «Бизнестегі әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Елорда кәсіпкерлеріне белсенді қызмет көрсеткені үшін», «Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін» сияқты барлығы 14 номинация бойынша арнайы марапаттарға ие болды.

Форумға Астана қаласымен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен 1500-ден астам кәсіпкер қатысуға ниет білдірген. Соңғы жылдары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 5 мың қатысушы, 20 өзара тәжірибе алмасу, 30 бизнес треннинг, 10 мыңнан астам екі жақты кездесулер өткізіліп, ірі жобалардың іске асуына ықпал еткен.

Источник: Baq.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер