astana-view

ҮИИД МБ аясында Атырау облысында 20 мың адам жұмыспен қамтылмақ

2015 жылғы 18 Наурыз
2449 просмотров

Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2-бесжылдығында Атырау облысында 20 мың адам жұмыспен қамтылады.

Биыл Атырау облысында полимер өнімдерін шығаратын өнеркәсіп және химиялық реагенттер өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Сондай-ақ еліміздегі тұңғыш газ химиясы кешенінің құрылысы жалғасады. Мұндай іргелі жобалар еліміз бойынша көптеп қолға алынуда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсаты – осы жобаларға отандық бизнес өкілдерінің шетелдік әріптестерімен бәсекеге түсе алатындай дәрежеде қатысуына жағдай жасау. «Сонда ғана жұмыс жанданып, отандық бизнестің бағы ашылады», - дейді Ұлттық палата басшылығы.

Отандық кәсіпкерлер үшін тағы бір жаңалық – тендер өткізуде әділетсіздік байқалса, зардап шегуші Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы талап-арыз бере алады. Мұның барлығы – шағын және орта бизнестің дамуы үшін жасалып жатқан мемлекет көмегі. Сoның бір айғағы - еліміз бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған «Қазақстанда жасалған» атты акция жалғасуда.

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:

- Жергілікті өндірістің дамуына өңірде жұмыс жасап жатқан шетелдік бірлескен кәсіпорындар мен «Самұрық-Қазына» компаниясы үлкен жағдай жасауда. Енді біз ірі компаниялармен жасалған келісімдердің мерзімін әлі ұзарту бағытында жұмыс жасауымыз керек. Себебі жергілікті компаниялардың дамуы, отандық өнімнің өтімділігі біздің негізгі саясатымыз болып қала береді. 

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер