astana-view

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі өтті

2015 жылғы 17 Наурыз
2267 просмотров

Сыртқы ықпалдар отандық кәсіпорындарға кері әсерін тигізбеу керек. Осы саладағы келелі мәселелер бүгін кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінде талқыға түсті. Жиынға қатысқан Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдеріне тығырықтан шығатын 9 бағытты тыңғылықты пысықтау қажеттігін айтты.

Бұлар әуелден белгілі әкімшілік кедергілермен күрес, мемлекеттік бағдарлама мен сатып алу және сауат ашу сияқты басымдықтар. Осы аталғандарды өңірлік палата мен қадағалау органы ұдайы жүйелеп отыруы керек. Тағы экономиканы әртараптандыру басты талап. Мұны таратып айтсақ, индустрияландыру бағдарламасына қатысу. Сосын отандық өндірушілерді жан-жақты қолдау. Даму институттары арқылы кәсіпкерлерге мемлекет ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау көрсетуге дайын. Сонымен қатар кеңесте ескерілген кезекті мәселе – несие беру тәртібі.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер