astana-view

Шағын бизнеске ірі өндірістер тірек болады

2015 жылғы 20 Наурыз
2593 просмотров

Еліміздегі шағын және орта бизнеске ірі өндірістер тірек болуы тиіс.

Ол үшін орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімдерді ұлттық компаниялар сатып алуы керек. Бұл, біріншіден, қазақстандық үлесті арттырса, екіншіден, отандық бизнестің дамуына даңғыл жол ашады. Өскеменде өткен кеңейтілген отырыста ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Соңғы 3 жылда өңірде өндіріс саласы мен кәсіпкерліктің барлық түрі өсіп-өркендеп келеді. Тек 2014 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 393 жоба іске қосылған. Кәсіпкерлер жиын барысында бизнеске арналған түрлі жобаларды әсіресе алыс ауылдарда жүзеге асыруға айрықша назар аударуды сұрады. Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері нақты жобаларды қолдап, құқықтық кеңес беріп келе жатқанын баяндады.

Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:

- Мемлекеттік сатып алу біздің өндірістерімізді алға сүйреуші ең негізгі күш саналады. Өйткені мемлекеттік сатып алу тауар өндірушілерімізге кепіл болып отыр. Қазір біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер