astana-view

ОҚО-да кәсіпкерлерге арналған кітап шықты

2014 жылғы 21 Ақпан
2549 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайдыBNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы 2013 жылдың желтоқсан айында ҮИИДБ енгізілген инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арналған телекөпірде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықтама кітабын шығаруды тапсырған болатын. 

«Қазақстанда алғашқы рет жарыққа шыққан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы шағын бизнеспен айналысуға септігін тигізетін және әр салалы 100 шағын бизнес жоспарлар ретінде көрсетілген. Сонымен қатар кітапта кәсіпті бастауға қаржы табу көздері, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары («Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» т.б.), құрал жабдықтарды жеткізу мен қамтамассыз ету, бизнесті оқыту т.б. толыққанды ақпарат қамтылған»,-делінген хабарламада. 

Аталған кітаптың басты мақсаты – облыс тұрғындарын, әсіресе ауылды аймақтарда, кәсіпкерлікке үйрету. Жобаларды іске асыру туралы ақпарат облыстық кәсіпкерлер палатасының аудан және қалаларда ашылған өкілдіктері мен бизнес мектептер, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы тарқатылатын болады. Ал оның электрондық нұсқасын мына жерден жүктеп алуға болады.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер