astana-view

ҰКП «Әр дауыс маңызды!» ұранымен ақпараттық кампанияны жариялады

2015 жылғы 27 Наурыз
2363 просмотров

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әр дауыс маңызды!» ұранымен ақпараттық кампанияны жариялады.

Акцияның негізгі мақсаты – бизнес-қауымдастықтың өзектіленуі мен ҚР Президентінің сайлауына әрбір азамат белсенді қатысуына шақыру.

«Осыған қоса, Қазақстан кәсіпкерлері өздері шығарып отырған өнімді таңбалау қажет. Ол үшін арнайы стикерлер «Әр дауыс маңызды» ұранымен әзірленді», - деді ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Н.Әлтаев атап өткендей, аталмыш сайлау кампаниясы қазақстандық бизнес пен кәсіпкерлер үшін маңызды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай саяси күшті таныстырмайды. Біз белгілі бір кандидатқа дауыс беруді насихаттап жатқан жоқпыз, біз 26 сәуір күні барлығымыз жаппай сайлауға қатысуға шақырамыз», - деді ол.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер