astana-view

Елімізде «Әркімнің дауысы маңызды!» ақпараттық науқаны басталды

2015 жылғы 28 Наурыз
2312 просмотров

Елімізде «Әркімнің дауысы маңызды!» атты сайлауалды кең ауқымды акпараттық науқан басталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан кәсіпкерлерінің басын біріктіретін Ұлттық палата басшылары мәлім етті. 

Шараның басты мақсаты – әр қазақстандыққа алдағы Президент сайлауына қатысып,  өз азаматтық ұстанымын білдірудің маңыздылығын жеткізу.  Акция барысында «Әркімнің дауысы маңызды!» деген жазулары бар стикерлер барлық отандық өнімге жапсырылады. Ал еліміздің барлық сауда орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарында сайлауға қатысуға шақыратын эмблемалары бар күнтізбелер ілінеді. Нұржан Әлтаев, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары -Қазір он мыңнан астам осындай күнтізбелер шығарылып отыр. Бұл акцияны өткізудің себебі кәсіпкерлер, біздің палата мүшелері жан-жақтан, өңірлерден осындай ұсыныспен шығып отыр. 

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер