Отандық тауарлардың сыртына сайлауға шақыратын стикерлер жабыстырылмақ
"Әркімнің дауысы маңызды"! Отандық кәсіпкерлер сайлауға шақырудың түрлі тәсілдерін ойлап, енді осындай атаумен тауарларына жаңа стикерлер жабыстырып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Эмблемаларды енді тұрғындар дүкен сөрелеріндегі тауарлардың сыртынан көре алады. "Әркімнің дауысы маңызды!" деген стикер тек отандық өнімдерге жапсырылмақ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрине, тауар өндірушілерді міндеттемейміз дейді.
Дегенмен, жұртты бірауыздан 26-шы сәуірдегі президент сайлауына қатысуға осылай шақыруға көмек берсе деп отыр. Қазірдің өзінде мұндай стикерлердің 2 млнға жуығы шығарылыпты.
Бұл шара белгілі бір кандидатты үгіттеу немесе саяси күшке қолдау білдіру үшін жасалынып отырған жоқ дейді кәсіпкерлер. Сондай-ақ, акция аясында барлық дүкендерде, мейрамханалар мен дәмханаларда сайлау күні белгіленген күнтізбелер да пайда болмақ.
"Азаматтарымыздың сайлау кезіндегі белсенділігі өте маңызды. Сондықтан, қазір барлық сауда орталықтарында, кафе, мейрамханаларда осындай ақпараттық күнтізбелер орнатылатын болады. "Әркімнің дауысы маңызды" деген стикерлер тауарлардың барлық жеріне қойылатын болады", - дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Источник: NUR.KZ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: