astana-view

Т.Құлыбаев: Біз әрдайым іскер азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз

2015 жылғы 31 Наурыз
2470 просмотров

«Kazenergy» қауымдастығы мен Қызылорда облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды. Бұл келісім - бизнес, мұнай және энергетика саласын дамытып, аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Яғни  қара алтын өндірісіндегі отандық кәсіпорындарға ғылыми-техникалық қолдау көрсете отырып, халықаралық стандарттар үдесінен шығуға жол ашпақ. 

Сондай-ақ бүгін Қызылордада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосу барысында өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылдығында  Сыр өңірінде құны 60 миллиард теңгеден асатын 15 жоба жүзеге асырылды. Ал биылдың өзінде аймақта құны 8 миллиард теңгеден астам 11 жоба қолға алынған. Облыста өндірісті өркендету үшін инфрақұрылымды жетілдіру, инвесторларға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар бастамалар бар. Жиында  кәсіпкерлер көкейіндегі сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды. 

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы

-Қазір Қызылорда өңірінде транспорттық қатынас жағы өте жақсы. Теміржол, автокөлік жолы салынды. Бұл тұрғыда мүмкіндік мол. Енді тек өміршең жобалар дайындап, оның бірлесіп жүзеге асыру керек. Кәсіпкерлер палатасы әрдайым іскер азаматтарға қолдау көрсетуге дайын. Билік тарапынан да түрлі көмектер бар. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан индустриялды жобалардың ел дамуында маңызы зор.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер