Отандық кәсіпкерлер «Әркімнің дауысы маңызды!» акциясын қолдауда
Отандық кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Әркімнің дауысы маңызды!» атты акциясын қолдайды.
Шараға қатысушы компаниялар аталған жазуы бар арнайы эмблеманы өз өнімдеріне жапсыруы тиіс. Мақсат – тұрғындарды 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында дауыс беруге шақыру. Акцияға атсалысқан алғашқы компаниялардың бірі – «Астана-Өнім» АҚ. Жиырма жылға жуық тұтынушыларға сүт өнімдерінің 17 түрін ұсынып келе жатқан кәсіпорын күніне 10 мың тонна өнім шығарады. Қазақстанда жасалған өнім Елордадағы ірі сауда нүктелері мен шағын дүкендерге және мектеп, балабақшаларға жіберіледі.
Ғалымжан Әбдіхалықов, «Астана-Өнім» АҚ бас директоры:
- Акцияның белгісімен алған өнімді әрбір азамат осы сайлауға келіп, өзінің ойын көрсетуге міндетті деп ойлаймын. Еліміздің келешегі үшін келу керек. Алдағы уақытта біз қандай жолмен жүруіміз керек, қайда баруымыз керек?! Өзінің ойын осы дауысқа келумен білдіреді деп ойлаймын.
Мейірбек Мәжитов, Астана қалалық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры:
- Біз Астанадағы барлық мекемелерді аралап шығуды жоспарлап отырмыз. Аталған акцияны отандық кәсіпкерлердің қолдайтыны қуантады. Сайлауда дауыс беру арқылы біз елдің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Сондықтан тұрғындарды ел тарихындағы маңызды шараға қатысуға шақырамыз. Бұл – біздің азаматтық міндетіміз.
Дерекнамасы: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: