astana-view

«Ерлікке тағзым» әлеуметтік жобасы қолға алынды

2015 жылғы 15 Сәуір
2978 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ерлікке тағзым» атты әлеуметтік жобаны қолға алды.

Бұл – Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған қайырымдылық акция. Оның аясында кәсіпкерлер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қаржылай қолдау жасайды. Сондай-ақ сұрапыл соғысқа қатысушыларды жиһаз бұйымдарымен қамтамасыз ету, пәтерлерін жөндеу, коммуналдық қызметтен босату секілді көмек те көрсетеді. Қолдауға мұқтаж ардагерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қызмет істеп тұрған бірыңғай телефон желісіне хабарласып, мұң-зарымен бөлісе алады.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз тек қана мейрам алдында осы көмекті көрсетумен шектелмейміз. Жыл бойы көмек көрсетіледі. Егер ардагерлерде сұрақтар туындаса, әрқашан 59 79 60 ортақ нөміріне хабарласуларына болады.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер