astana-view

Ақтөбелік кәсіпкерлерді меморгандар тарапынан заңсыз тексеру тыйыла бастады

2014 жылғы 25 Ақпан
2520 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлерді мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексеру тыйылып келеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында «Атамекен» кәсіпкерлердің және жұмыс берушілердің өңірлік қауымдастығы басқармасының төрағасы Есмұхан Құрманғазин мәлім етті.

Бұрындары  мемлекеттік  органдар тарапынан тексеріс жиі болып келгендігін атап өткен ол: «Қазіргі уақытта кәсіпкерлер прокуратура органдарымен арнайы меморандумға қол қойғаннан кейін оларды заңсыз тексеру азая бастады. Бұрынғыдай емес, дегенмен жоспарлы тексерулер болып тұрады. Ал заңсыз тексеру әлі де бар, бірақ көп емес», - деді.

Оның атап өтуінше, өңірлерде әкімдік жанындағы кәсіпкерлікке қатысы бар комитеттерге, комиссияларға қоғамдық ұйымдарды, оның ішінде ұлттық палата  өкілдерін тартып, проблемаларды дер уақытында шешу жолға қойылған.

«Кәсіпкерлер біздікі ғана дұрыс деп айтпайды. Кейде бізде де кемшіліктер кетеді. Бірақ келісімге келіп, заңмен шешу мәселесіне ден қоямыз», - деді Е.Құрманғазин.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер