astana-view

Қарағандыда апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсететін қоғамдық қор құрылды

2015 жылғы 17 Сәуір
2788 просмотров

Қарағандыда облысында апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсететін қоғамдық қор құрылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында хабарланды.  

«Қаржылай көмек көрсету қажеттігі анық. Бұл мақсатта облыста 16 сәуірде апаттан зардап шеккендерге көмектесу қоғамдық қоры құрылды және бүгін тіркелді», - деді қор директоры, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин.

Ұйымдастырушылардың қатарында Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Наталья Вшивцева, Қарағанды облысының кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев бар.

Қорды ұйымдастырушылар апаттан зардап шеккендерге бейқам қарамайтындарды оларға қолдау көрсетуге шақырды.

Аймақта сондай-ақ, гуманитарлық көмек жинайтын орталықтандырылған қоғамдық пункт жұмыс істейді. Оны облыстық әкімдік «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» РҚБ Қарағанды филиалы жанынан ашты.  

«Біз шамамен 12 тонна киім-кешек пен азық-түлік алдық. Бүгін гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын Бұқар Жырау ауданына жолдадық.  Оларға 3 тонна азық-түлік, бір тонна ұн, бір жарым тонна жеміс пен көкөніс,  800 келі санитарлық гигиена заттары мен бір рет пайдалануға жарамды ыдыс-аяқ, екі тонна киім-кешек пен аяқ киім жөнелтілді», - деді  ҚР Қызыл жарты ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалының директоры Марғұлан Сыздықов.

Баспасөз мәслихатында сонымен бірге «Жас Отан» жастар қанаты еріктілер жасағын құрып жатқанын, олардың қатарына кез келген жас қосыла алатынын және бұл жасақтар апаттан зардап шеккендерге көмек көрсететіні айтылды.  

«Қарағанды облысында апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсететін қор» қоғамдық  қорының шоты:

«Bank RBK» АҚ Қарағанды қ. филиалы 
БИК KINCKZKA
ИИК KZ098210139812154223
КБе 18

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер