Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі өтті - Ақмола облысы
Көкшетауда ҚР ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен облысы әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен облыстық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңесте кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік сатып алу және жергілікті үлес, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, тариф қалыптастыру, қаржы ресурстарының қолжетімділігі сияқты мәселелер сөз болды.
Жергілікті кәсіпкерлер тамақтан улану жағдайларының жиілеп кеткендігіне алаңдаушылық танытты. Бұл жайттың барша кәсіпкерлер қауымына үлкен сын болып отырғаны анық. Осы орайда, кәсіби емес мамандарды жұмыс ортасына жібермеу үшін міндетті бизнес-білім енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс қолдау тапты.
Дерекнамасы: Казинформ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: